«Ер есімі – ел есінде». 1941-1945-ші сұрапыл жылдар кімнің жүрегін сыздатпады, кімдерге қайғы-қасырет шектірмеді?! Ардагер аталарымыздың біздер үшін алып берген бұл Жеңістің бағасы әрбір азаматтың жүрегінде. Жылда 9 мамыр күні бүкіл әлем болып осы Жеңісті атап өтіп, майданда жандарын берген майдангенлер мен ардагерлерді еске алып, ардагер аталарымызды құрметтейміз. Биылғы жылы да еліміз ардагерлердің үйлеріне барып құттықтау сөз, жылы лебіздерін жеткізді.
Қазіргі жас буынға сол Жеңістің бағасын біліп, ардагерлеріміздің ерлігін бағалау мақсатында Ұлы Жеңіске байланысты іс-шаралар өткізіліп тұрады. Биылғы жылы қашықтықтан челлендждер өткізіліп, майдангерлер әндері мен поэзиялар оқу байқаулары, оқушылар арасында суреттер байқауы өтті. Шал ақын ауданы Семиполка орта мектебінің 3 сынып оқушылары да Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне құрметпен өз суреттері мен өлеңдерін оқып сайыстарға қатысты. Шохат бекзат Т.Молдағалиевтың «Жеңіс күні келген сайын...»өлеңін оқып Facebook парақшасына челлендж жолдады.
Барлық Қазақстан халқына ашық аспан, бейбіт өмір тілейміз!
.jpeg)
Посмотреть новость на сайте учреждения